Атырау, 5 желтоқсан 07:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жинақты түрлі валютада сақтаған жөн

3 999 рет қаралды

Бүгінде Атырау облысының екінші деңгейлі банк филиалдарында түрлі валютада 324 млрд теңге сақталуда.

Мұнда ұлттық валютадағы салымдар үлесі - 15,2% немесе 49,2 млрд теңгені, шетелдік валютада - 84,8% немесе 274,8 млрд теңгені құрайды. Жеке тұлғалар үлесі - 47,4% немесе 153,7 млрд теңгені, заңды тұлғалар үлесі – 52,6% немесе 170,3 млрд теңгені құрайды.

- Өткен жылы доллар күрт жоғары көтерілген кезде клиенттер, әдеттегідей, осы валютаға салым салды. Қазір жинақтың, ең болмағанда, бір бөлігін теңгеде сақтау үрдіс алған, - дейді Ұлттық банк филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің экономист-бас маманы Асхат ЕРМЕКОВ.

Депозиттер бойынша ұлттық валютадағы орташа өлшемді мөлшерлеме 9,2%-ға дейін өсіп, шетелдік валютада 2,2%-ға дейін азайған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.