2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында банктер беретін несиелер саны азайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғаларға несие беру 22,1 пайызға (11,5 млрд теңгеге дейін), жеке тұлғаларға 26,8 пайызға (10,2 млрд теңгеге дейін) төмендеді.
– Несиелендіру елдегі орын алып отырған экономикалық жағдайға байланысты төмендеп отыр. Банктер несие ұсыну талаптарын күшейтіп, клиенттер туралы мәліметтерді барынша мұқият тексеруде және қарыз алушылардың да төлем қабілеттері азайды, – дейді Ұлттық банк филиалының статистика және экономикалық талдау бөлімінің бас экономист-маманы Асхат ЕРМЕКОВ.
Ал, банктер несие пайыздарын көтерген жоқ, керісінше, төмендеткендері бар. Заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша орташа көлемдегі мөлшерлеме 14,4 пайызды (2015 жылдың ақпанында – 16,6%), жеке тұлғаларға – 17,6% (19,2%) құрады. Халыққа тұтынушылық мақсатта берілген несиелер саны үштен бір есеге төмендеді. Бұл жағдайда тұтынушылық несиелердің үлестік салмағының жалпы көлемі 37,4 пайызды құрайды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА