Атырау, 29 қараша 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Аудан жаңалықтары

1 973 просмотра

Тағы да бруцеллез

Қызылқоға ауданында тағы бруцеллез індеті шықты. Мамандардың пікірінше, малдан қан алу жұмыстары кешіктіріліп басталған.

- Былтыр малдан қан алу 15 ақпанда басталған еді, биыл 15 күнге кешіктіріліп, 1 наурызда басталды, бұл біздің кінәмізден емес. Бұрын алған қан талдамаларын анықтау үшін лабораторияға тапсыратынбыз. Енді базадағы нөмірмен тексерілген малдың сырғасының нөмірі сәйкес келуі керек. Егер сәйкес келмесе, қан алу бес күн кейінге ысырылады. Бұл жұмысты жеделдетуге кесірін тигізіп отыр, - дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ.

Бүгінде індет Миялы және Тайсойған ауылдарында көптеп таралуда. Ауданда 4 281 бас ірі қараның 113-і, 1 625 қой-ешкінің 20-сынан бруцеллез табылған. Ал 2 адам бруцеллезге күдікті ретінде тіркелген.

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

Қызылқоға ауданына қарасты Қоныстану, Тасшағыл, Жасқайрат, Жангелдин, Қаракөл, Қарабау ауылдарының жеңілдетілген бас жоспары қаралды.

Өткен жылы Миялы және Сағыз ауылдарының бас жоспары, сонымен бірге, Мұқыр мен Тайсойған ауылдарының жеңілдетілген бас жоспары бекітілген болатын.

МАҚАТ АУДАНЫ

Мақат ауданында баласына екпе салдыртудан бас тартып отырған ата-аналардың саны жыл сайын артпаса, кеміген жоқ.

2014 жылы 39 бала, 2015 жылы 40 бала, ал, 2016 жылы 43 балаға ата-аналарының бас тартуынан екпе салынбаған. Осыған байланысты аудан әкімдігі мен жергілікті дәрігерлер түсінік жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

7 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.