Фото: karar.comТүркияның Мардин провинциясында жарылыс болды. Салдарынан 1 полиция қызметкері мен 5 сарбаз ажал құшып, тағы 3-еуі жараланды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскерилер үйлердің біріне кірген кезде күрдтер алыстан басқарылған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Аталған аймақта «Күрдістанның жұмысшы партиясының» мүшелеріне қарсы әскери операция жүріп жатыр. Бұл ұйымды Анкара лаңкестік деп танып, қызметіне тыйым салған болатын.
Дереккөз: 24.kz