Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы да Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Онда Николай Бордюжа «Таулы Қарабақ төңірегіндегі шиеленісті тек саяси жолмен шешуге болады.
Әскери іс-қимылдарға жол берілмеу керек» деген. Сонымен қатар «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы жағдайды жіті қадағалап отыр. Ұйымға мүше елдер Таулы Қарабақта оқ атуды тоқтатып, шиеленісті бейбіт жолмен шешу керектігі туралы талай мәрте айтқан болатын. Қақтығыстың жалғасуы Кавказ өңіріндегі жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соқтыруы мүмкін. Барлығымызға да алдымен бейбітшілік керек» деп ойын түйген.
Дереккөз/фото: 24.kz