АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак қауіпсіздік күштері батыстағы Анбар провинциясының Хит қаласына бақылауды қалпына келтіру операциясының барысында 1,5 мыңға жуық адамды «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының түрмесінен босатты. Бұл туралы Agence France Presse (AFP) хабарлады.
Оның мәліметтеріне қарағанда, қала орамдарын лаңкестерден босату ұрыстарының барысында ирак әскери қызметшілері ИМ бақылап отырған үлкен жерасты түрмесін тапқан. Онда 1,5 мыңға жуық адам болған, негізінен - бейбіт азаматтар. Олардың бәрі де бостандыққа шығарылды, деп жазады ТАСС.
Қазіргі кезде Хит ирак армиясының басты мақстаы болып отыр, бұл елді мекен Анбар провинциясының орталығы - Рамади қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан, оны үкімет әскерлері лаңкестерден жыл басында тартып алған болатын. Рамадиден шегінген экстремистік құрылымдар қалдықтары Хит қаласының түбіне бекінген.
Өткен жылдың жазы ортасында Ирак үкіметі Анбар провинциясын ИМ құрылымдарынан азат ету науқаны басталғанын мәлімдеген болатын. Үкіметтік әскерлердің басты соққысы провинцияның екі ірі қаласы - оның орталығы Рамади мен Эль-Фаллуджаға бағытталған. Рамадиді азат ету ирак үкіметтік күштерінің көптен бергі алғашқы жеңісі болды.
Дереккөз/фото: inform.kz