Атырау, 26 қараша 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сауалдама: Ұлыбританияның ЕО-дан шығуына 43 пайыз британдық дауыс беруге әзір

1 431 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы өтетін референдумда ЕО-да Біріккен Корольдіктің мүшелігін жалғастыруға 43 пайыз британдық қарсы дауыс беруге әзір. Бұл туралы сенбі күні The Observer газетіне арналып жүргізілген Opinium әлеуметтік қызметі жариялаған сауалдамасында белгілі болды, деп мәлімдеді ТАСС.

Бұл ретте 39 пайыз репонденттер Лондонның Брюссельмен қатынасын үзбегенін қалайды. Әлеуметтанушылар шешуші дауыс осы мәселе бойынша әлі ұстанымын айқындамаған 18 пайыз адамдарға байланысты болатынын атап өтеді. 29 наурыз - 1сәуір аралығында зерттеуге барлығы 2 мыңға жуық адам қатысты.

Бұдан бұрын қаңтарда осы әлеуметтік қызмет осындай сауалнама жүргізгенде ЕО-да британия мүшелігін сақтауды жақтаушылардан еуроскептиктер аздаған артықшылықпен басым түскен еді - 40%-дан 41%. Әлеуметтанушылардың айтуынша, Ұлыбритания тұрғындары ЕО-дан келетін мигранттар ағынының артуына наразы.

Төрт талап

Британдық премьер-министрі Дэвид Кэмерон өткен жылғы қарашада ЕО билігіне қоғамдастықты реформалау бойынша ресми түрде төрт талап ұсынған: оны мультивалюталық одақ деп тану, оның мүшелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық парламент өкілеттіктерін кеңейту және көші-қон заңнамасын қатаңдату. Соңғысы ЕО-дан Ұлыбританияға қайта келген еңбек мигранттары үшін әлеуметтік жеңілдікке қолжетімділікті төрт жыл мерзімге бұғаттауды көздейді. Біріккен Корольдіктің ЕО-дағы одан әрі мүшелігі мәселесі бойынша референдум 23 маусымда өтеді.

Дереккөз/фото: inform.kz

3 сәуір 2016, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.