Атырау, 22 желтоқсан 09:56
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Төрешімен тайталас және Павлодардағы ұтылыс

1 440 просмотра

3 сәуірде Павлодарда футболдан ел чемпионатының 3-туры аясында жергілікті "Ертіс" пен "Атырау" командалары арасында матч өтті.

Бірінші таймда командалар тең ойнаса, кездесудің екінші жартысында қожайындар тізгінді толықтай өз қолдарына алды. Нәтижесінде олар жауапсыз үш гол соқты. Роман МҰРТАЗАЕВ, Сергей МАЛЫЙ және Гогита ГОГУА қанжығаларын майлады. "Атырау" құрамында 65-минутта дөрекі ойыны үшін қорғаушы Владислав КУЗЬМИН сары кәртішкемен жазаланды. Сол сәт төрешімен керісіп қалғаны үшін екінші сары кәртішкені тағы алды. Нәтижесінде қызыл кәртішке алып, алаңнан қуылды. Осы уақытта есеп - 2:0, "Ертістің" пайдасына болған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
3 сәуір 2016, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.