Атырау, 29 қараша 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әсия Қыстаубаева: "Есеп беру қорқынышты емес..."

3 548 просмотра

1 сәуірде өңірлік коммуникациялар орталығында ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясының басты тақырыбы - үкіметтік емес ұйымдардың Мәдениет және спорт министрлігіне жыл сайын есеп беруін қарастыратын заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру.

Естеріңізді салсақ, биылғы жылдың 31 наурызына дейін саяси партиялар, кәсіподақ ұйымдары, діни бірлестіктер, коммерциялық ұйымдарды қоспағанда ("Коммерциялық ұйымдар туралы" заңның 17-бабында айтылған), Қазақстанның бүкіл ҮЕҰ-ры өкілетті органға, яғни Мәдениет және спорт министрлігіне өз қызметі туралы есеп беруге тиіс. ҮЕҰ енді ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін әрбір алдыңғы жыл үшін есеп беруге міндетті. Бұл өзгеріс үлкен резонанс пен көптеген ҮЕҰ-ның наразылығын тудырды.

Сонымен, мәселен, есеп берілетін соңғы күнде атыраулық "Каспий Табиғаты" ҮЕҰ өз қызметін тоқтатқандығы туралы мәлімдеді ("Каспий Табиғаты" жұмысын тоқатты").

«Каспий табиғатының» таратылуы, олардың пікірінше, ақылға сыймайтын заңдарға өзіндік қарсылығы болатын.

– Осы талаптар арқылы билік үкіметтік емес ұйымдарға бақылау орнатқысы келеді. Қоғамдық ұйымдардан есеп беруді талап ету - барып тұрған сандырақтық. Керісінше, билік жұртшылық алдында есеп беруге тиіс, - деп өз пікірін білдірді "Каспий табиғаты" ҮЕҰ бұрынғы төрағасы Махамбет ХАКИМОВ ҮЕҰ таратуға байланысты өткізілген баспасөз конференциясында.

– Іс жүзінде осындай үлкен резонанс тудырған қоғамдық ұйымдардың Министрлікке есеп беруінде тұрған ештеңе жоқ. ҮЕҰ қызметі туралы ақпарат жинаудың бір ғана себебі - бұл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының бірыңғай дерекқорын құру, - деп түсіндірді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева. - Бұл базада ҮЕҰ құрылтайшылары, оның қызметкерлері, жүзеге асырылып жатқан жобалар, қаржыландыру көздері, сондай-ақ, ұйымдардың реквизиттері туралы мәліметтері жинақталады. Осы ақпараттың барлығы интернет-ресурста ашық қолжетімді болады. Яғни, кез-келген адам дерекқорға кіріп, Қазақстанда қандай ҮЕҰ жұмыс жасап, олардың немен айналысатындығымен таныса алады. Мұндай ашық ақпарат грант берушілерді тартуға себеп болады. Бұл бірқатар мемлекеттік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдардың басқаруына беру тұрғысында мемлекетке де қажет.

Қазір Қазақстанда 30 мыңдай үкіметтік емес ұйым бар. Атырау облысының өзінде 500-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың көпшілігі жұмыс істемейді. Дерекқордың болуы жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды тазартатындығы анық, саннан гөрі сапа алдыңғы орында болады.

Сонымен қатар, Қыстаубаева уақытында қажетті есепті тапсырмайтын ҮЕҰ-ға қатысты қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс нормалары ескерту мен 25 АЕК мөлшерінде айыппұл және ҮЕҰ қызметін тоқтатуды қарастыратынын атап өтті:

– Биыл бұл есептілік пилотты режимде қабылданады. Сондықтан есеп бермеген қоғамдық ұйымдар жазаланбайды. Ең бастысы, есепті 31 наурызға дейін жолдап үлгеру керек. Содан кейін толықтырулар мен түзетулер енгізуге болады. Егер биыл кімде-кім мерзімінде есеп беріп үлгермесе, ол мұны қазір жасай алады, - деді Қыстаубаева.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

3 сәуір 2016, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.