Атырау, 2 мамыр 15:53
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жанбайлық балықшылар заңдастырылды ма?

3 323 просмотра

1 сәуірде Атырау облысында дәстүрлі «Бекіре-2016» екіайлық балық қорғау акциясы басталды. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз конференциясы өтті.

«Бекiре-2016» үйлестіру штабы полиция, шекарашылар, әскерилер, прокуратура өкілдерінен құралған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне әдеттегідей штабқа басшылық ету жүктелді.

– Браконьерлік болуы анағұрлым ықтимал деген жерлерде 12 көшпелі және 9 стационарлық қосындар ұйымдастырылады. 9 патрульдік өзен катерлері, 12 шағын кемелер, 21 бірлік көлік құралдары жұмылдырылды, сондай-ақ әуе көлігі тартылмақ. «Ақжайық» резерватының аумағында мобильді рейд топтары жұмыс жасайтын болады, - деп хабарлады Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ. - Негізгі күштерді жағалауға және Каспий теңізінің айдынына, Жайық пен Қиғаштың сағаларына жұмылдыру жобаланып отыр.

Сонымен қатар, балық өнімдерінің елден тысқары шығарылуына қатысты кедендік қосындарда, әуежай мен вокзалдардағы бақылау күшейтілді. Пешной – Атырау, Атырау – Астрахан, Атырау – Орал және Атырау – Ақтөбе жолдарына пост қойылды. Акция кезінде Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Атырауда балық өнімдерінің заңсыз сатылатын жерлерге бақылау жасалады.

Журналистерді қызықтырған сұрақтардың бірі - атышулы Жанбай ауылындағы браконьерлік ахуалы қандай?

– Қазір едәуір жақсарды. Өйткені, қазір Исатай ауданында алты балық аулау шаруашылығы жұмыс жасайды. Айталық, бұрын браконьерлікпен айналысқандар - қазір осы кәсіпорындарда заңды түрде еңбек етуде, - деп жауап берді Ермекқалиев.

Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары Асан ШАЛҚАРОВ өткен жылғы мәліметтерді мәлімдеді. Балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты 799 құқық бұзушылық, заңсыз сатып алу және сатудың 30 фактісі анықталды. Сотқа 133 қылмыстық іс жолданды, 6 млн теңгеге айыппұл салынды, 83 тонна балық тәркіленді, соның ішінде 2,5 тонна бекіре тұқымдастар, 14,2 келі қара уылдырық алынды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

3 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.