30 наурызда ҚР футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы болып өтті.
Атап айтқанда, «Атырау» ФК 19 наурызда Атырауда өткізілуі тиісті Премьер-лига чемпионатының 2-ші кезеңінің матчына «Тобыл» командасының келмей қалуына байланысты берілген наразылығы қаралды.
Атырау клубы тәртіптік-бақылау комитетінен (ТБК) «Тобыл» командасын 0:3 есебімен техникалық жеңіліспен жазалауды және ақшалай айыппұл салуды сұрады.
Наразылық қабылданбады. ТБК «Тобыл» командасының Атыраудағы матчқа келмеуін дәлелді себеп деп таныды. Өйткені, Қостанайда қолайсыз ауа райының салдарынан ұшақ ұшпады. Естеріңізге салайық, матчты өткізу басқа күнге ауыстырылған еді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ