Атырау, 20 қаңтар 07:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -14
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

​Доллар cатып алушылар азайды

4 992 рет қаралды

Image 0фото:ns1.korrespondent.kzЭкономикалық шолушылар соңғы кезде халықтың долларды сатып алу деңгейінің төмендегенін айтады. Оған біздің облысымыздың валюта нарығының көрсеткіштері де дәлел.

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында Атырау облысының айырбастау қосындары (ал олардың бізде 120-сы бар) тұрғындарға 61,9 млн доллар сатқан, ал, ол 2015 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда - 58,3% аз. 1,7 млн еуро сатылған (46,9% аз). Иә, бұл өткен жылдан бастап американдық және еуропалық валюталардың өскендігін ескерсек, таңғалатын жағдай емес. 1 165,3 млн ресей рублі сатылды (38,5% аз).

Осы кезең ішінде айырбастау қосындары тұрғындардан 31,6 млн доллар (23,4% артты), 0,9 млн евро (18,2% азайды) және 206,3 млн ресей рублін (44,4% азайды) сатып алды.

2016 жылдың ақпанында сатып алу-сатудың орташа бағамдары тиісінше доллар үшін 359,20 және 364,02 теңгені, еуро үшін 396,41 және 402,03 теңге, ресей рублі үшін 4,60 және 4,75 теңгені құрады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 сәуір 2016, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.