Атырау, 24 желтоқсан 07:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жарық тағы қымбаттауы мүмкін

3 068 просмотра

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне «Атырау Энергосату» ЖШС-нен  2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын сату қызметінің құнын көтеру жөнінде өтініш келіп түсті.

Монополист «КЕГОК» АҚ жүйелік операторының аймақаралық желілер бойынша тасымалдау қызметінің қымбаттауын, сондай-ақ «Атырау ЖЭО» АҚ-нан сатып алынатын электр энергиясының бағасы өскендігін негізгі себеп деп атады. Халық үшін жаңа тариф жобасы – бір кВт/сағат үшін 5,3 теңге (9,95 пайызға өскен), заңды тұлғаларға – 17,08 теңге (10,4 пайызға өскен), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін электр энергиясын пайдаланатын тұтынушыларға – 13,04 теңге (10 пайызға өскен).

Агенттік департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВАНЫҢ айтуынша, монополистің өтініші қазір қаралып жатқан көрінеді, бірақ бекітілмейтін секілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 желтоқсан 2011, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.