Оң жақ Перетаска тұрғындары митингте. Фото "АЖ" мұрағатынан.Біз бұған дейін ҚР «Рұқсат беру құжаттары мен рұқсат беру процедураларын қысқарту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жекелей алғанда ҚР Жер кодексінің 84-бабына қатысты екендігі туралы хабарлаған едік. Енді мұнайды қайта өңдеу саласының жобаларын жүзеге асыру барысында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу мүмкін («АМӨЗ-Перетаска: Заңға өзгеріс енгізілді» мақаласын қараңыз).
Біз АМӨЗ басшылығына Перетаска тұрғындарын толғандырып отырған сауалдарға жауап беруді өтінген редакция сауалнамасын жолдадық.
Сауалнамаға «АМӨЗ» ЖШС бас директорының даму және жаңарту жөніндегі орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ жазбаша түрде жауап берді.
- Хош иісті көмірсутек өндіру (ХКӨК) және мұнайды тереңдетіп өңдеу (МТӨК) кешенінің санитарлық-қорғаныс аймағына (СҚА) еніп отырған Оң жақ Төменгі Перетаска тұрғындарын көшіру қашан басталады?
- Мүліктері ХКӨК және МТӨК-дерінің СҚА еніп отырған Оң жақ Төменгі Перетаска тұрғындарын көшіру заңнамаларға сәйкесті жүргізілетін болады. Жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу барысында міндетті түрде меншік иелерінің құқықтары барынша ескерілетін болады.
- Бұл жағдайда мүліктерді бағалаудың қай актісі ескерілетін болады - 2013 жылы қалалық әкімдік жүргізген бірінші бағалау актісі ме, әлде 2015 жылғы тәуелсіз бағалаушылар жүргізген екінші акті ме? Ресми бағалау актілері екі есе төмен көрсетілген деп есептеген еді.
- Мынаған назар аударсаңыздар екен, іс жүзінде кез-келген мүлікті тәуелсіз бағалау мерзімі әдетте алты ай мерзіммен шектеледі.
- Мәжбүрлі түрде алу мәселесі қалай шешіледі? Сотқа барлық тұрғындар үстінен бірден шағымданасыздар ма, әлде келісімге келуге тырысып көресіздер ме?
- Жоғары да айтып өткенімдей, жер телімдерін және онда орналасқан үйлерді алуға қатысты барлық мәселелер қазіргі заңнамаларға сәйкес және тұрғындардың қалауын ескере отырып шешілетін болады.
- Өтемақы мөлшері қандай болмақ? Қаржыны АМӨЗ бе, әлде «ҚазМұнайГаз» АҚ бөле ме?
- Өтемақы бағалау компаниялары немесе сот белгілеген мөлшерде берілетін болады. Қаржыландыру мәселесі әлі қаралып жатыр.
- Өтемақының ақшалай емес, пәтер беру арқылы берілуі мүмкін бе?
- Ол жағы да қарастырылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ