Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал Воислав Шешельге тағылған айыптардың барлығын алып тастап, оны кінәсіз деп таныды.
Сербияның радикалды партиясының жетекшісі 1990 жылдары Балқан елдеріндегі соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзды және адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған болатын.
Ол кезде 130-дан астам адам қаза тапқан еді. Айта кеткен жөн, өз еркімен берілген саясаткер 11 жыл бойы тергеу абақтысында отырған еді. Прокуратура оған 28 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Дереккөз/фото: 24.kz