Атырау, 26 қараша 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Донецкое елді мекеніне қосымша құтқару күштері жіберілді

1 660 просмотра

ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецкое елді мекеніндегі қардың еруі салдарынан пайда болған төтенше жағдайдың салдарын жоюды жылдамдату мақсатында ҚР ІІМ ТЖК осы елді мекенге Астана қаласы ТЖД мен Орталық аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасақтарын және құралдарын жөнелтті.

Сөйтіп, қосымша жеке құрамнан 43 адам 18 техника бірлігі жіберілді. Қазіргі уақытта инженерлік қызметтер, ІІМ жасақтары, жергілікті билік өкілдері атқарған іс-әрекеттер нәтижесінде мұндағы су деңгейі төмендеп, 25 үйдің ауласындағы су қайтып, топан су кірген үйлерді тексеру жөіннен арнайы комиссия жұмысына кірісіп кетті.

Сондай-ақ көктем кезінде Ақмола облысында төтенше жағдай бола қалған жағдайда оның салдарын азайту және құтқару шараларын күшейту мақсатында Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Республикалық жедел құтқару жасағы, Оңтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару жасақтарынан 100 адам, 38 техника бірлігі жіберілді.

Дереккөз/фото: 24.kz

1 сәуір 2016, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.