АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-та автомобиль бензині акциздерінің бағасы 1 сәуірден бастап бір литр үшін 2 рубльге, дизельдік отынға - бір литр үшін 1 рубльге өседі, деп хабарлайды РИА Новости.
Тиісті құжатқа РФ президенті Владимир Путин қол қойды. Құжатқа сәйкес, автобензинді заңсыз шығаруға қызығушылықты болдырмау мақсатында тікелей тасымалданған бензин акциздерінің бағалары да көтеріліп жатыр.
Осылайша, 1 сәуірден бастап бір тонна бесінші кластағы бензин акцизінің бағасы 10,13 мың рубльді, ал 2017 жылы - 7,43 мың рубльді құрайды. Бесінші класқа сәйкес келмейтін бензин, сондай-ақ тікелей тасымалданған бензин акциздерінің құны 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 желтоқсанға дейін бір тонна үшін 13,1 мың рубльді, ал 2017 жылдан бастап - 12,3 мың рубльді құрайды.
Дереккөз/фото: inform.kz