Атырау, 29 қараша 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Қаңғыбас иттерді атқан кезде абай болыңыз»

3 004 просмотра

ҚР ІІМ бұйрығын орындау аясында 1-10 сәуір аралығында иттер мен мысықтарды асырау Қағидасын бұзуға жол бермеу бойынша онкүндік жарияланды. Бұл туралы облыстық ІІД сайты хабарлады.

Үй жануарларын ұстайтындар бұл туралы нені білулері керек?

2015 жылы облыстық мәслихат «Атырау облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын» бекітті. Соның ішінде иттер мен мысықтардың иелері тиісті: 1) жануарларды балалар алаңдарында, балабақша, мектеп, аурухана аулаларында, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында серуендетпеуге; 2) оларды арнайы бөлінген жерлерде серуендетуге; 3) оларды жағажайлар мен субұрқақтарда жуындырмауға; 4) олардың арттарынан дәретін тазалап жүруге; 5) адам көп жиналған жерлерде иттерді қысқа қарғы бау және тұмылдырықта ұстауға; 6) иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді 16 жасқа толмаған балалардың серуендетпеуіне.

Үй жануарларының иелері ережелерді бұзған болса, 3 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар (иелері байлап кеткендерден басқа) қаңғыбас болып есептеледі және ауланып, жоюға жатады. Сонымен қатар Қағидада былай деп көрсетілген: «Бұл аталған жұмыс жүргізілетін аумақта тұратын тұрғындардың тыныштығын, адамгершілігін, құқықтары мен мүдделерін ескере отырып жүргізілуі керек».

Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылы облыс бойынша 21 820 қаңғыбас ит пен 3 096 мысықтың көзі жойылған. Жыл басынан бері 2 764 ит пен 440 мысық атылған. Ветеринарлар қыстың жылы болғанына байланысты қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбейгенін хабарлайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 сәуір 2016, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.