БАҚ-та биыл ҰБТ-дан сүрінген талапкерлер екінші мүмкіндікке ие болады деген ақпарат тарады. Алайда, жергілікті мектептерде түлектердің ата-аналарына бұл жаңалыққа қатысты ешқандай түсінік берілмеген.
- Иә, БАҚ-та шектік деңгейден өте алмаған және 50 балл жинай алмаған талапкерлер кешенді тестілеу (КТ) тапсыра алады деген ақпарат тарағаны рас, осылайша олар қазақстандық жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқуға мүмкіндік алады, - дейді облыстық білім беру басқармасы жалпы және орта білім беру бөлімінің аға инспекторы Бәтима БАХТИЯРОВА. – Біздің облыста ҰБТ өткізу бойынша семинар, әдеттегідей, ақпанда өтті. Алайда, ол кезде өзгерістер туралы ештеңе айтылған жоқ. ҰБТ-ны қайта тапсыру туралы ресми өкім әлі шыққан жоқ.
Биылғы оқу жылында Атырау облысындағы мектептерді 4 668 оқушы бітіріп шығады. Олардың қаншасы ҰБТ тапсыратыны әзірге белгісіз, өтініштерді қабылдау 25 сәуірде аяқталады. Дегенмен, қайта тапсыру мүмкіндігі ниет білдірушілердің көбеюіне әсер ететін шығар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА