Фото: vk.comАлматы. 31 наурыз. ҚазТАГ - Түрік шекарашылары шекарадан өтпек болған Сирия босқындарын атып тастап жатыр, деп жазады The Times басылымына сілтеме жасаған РБК.
«Адам құқығы жөніндегі Сирия обсерваториясына сілтеме жасаған басылым ақпары бойынша, түрік шекарашылары соңғы төрт айда 16 мигрантты өлтірген, оның төртеуі - балалар. Бұл ретте Times дерек көздері түрік әскерінің әрекеті салдарынан қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деп мәлімдеп отыр», - делінген хабарда.
Құқыққорғаушылар ақпарынша, 6 ақпанда шекарашылар Рас-аль-Аин шекара бекетінде балалы ер адамды атқан. 5 наурызда Гуввечи ТӨП ауданында екі адам өлтірілген.
Басылым дерек көзі босқындардың Түркия шекарасына өтуді жалғастырып жатқанын айтады, алайда енді бұл елдің билігі оларды ұстап алады немесе оларға қарсы оқ атады.
Еске салсақ, 19 наурызда Анкара мен Еуроодақ Еуропадағы көші-қон дағдарысын шешуге арналған босқындар туралы ресми келісім жасады. Құжатта 20 наурыздан бастап барлық заңсыз мигранттар Грециядан Түркияға кері қайтарылады деп көрсетілген. Әр мигрантқа қатысты отанына оралған жағдайда оны күтетін жекелей қауіп бағаланады. Бұл ретте Еуроодақ өкілдері жаппай депортациялау болмайтынын мәлімдеді. Анкара оларға адам құқығына сәйкес қарауға уәде берген.
Оған айырбас ретінде Түркия 3 млрд еуро көлемінде қосымша қаржыландыру алатын болады. Осылайша, Анкараға көрсетілетін жалпы қаржылай көмек 2019 жылға дейін 6 млрд еуроны құрайды.
Дереккөз: kaztag.kz