Биыл Жем арнасы суға мерзімінен бір ай бұрын ерте толды. Ауыл тұрғындары жайылым мен шабындық жерлерге су барады деген үмітте.
- Еріген су бұрын сәуірдің ортасына таман келетін, ал, биыл су деңгейі екі метрден асып отыр, жауын көп түсті ғой, бір жағынан сол да көмек болды, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ. - Біз қазір ақтөбеліктермен байланыста отырмыз, тау басында әлі қар бар. Енді бар суды тиімді пайдаланып қалуға тырысып жатырмыз. Қамыскөл көлі толып бола келді. Қазір шабындықтарға су шығару жүруде.
Биыл су көп болатындықтан шабындықтарға су түгел жетеді деп күтілуде. Бүгінде төрт тоған суға толған.
- Егер тау басында қар тез ерісе, Құржем бөгеті ашылады. Былтыр су жақсы келген, бірақ теңізге толық жеткен жоқ еді. Биыл су теңізге құйылады деп отырмыз. Ауыл адамдары мал жайылар, шөп дайындар жерлердің болатынына қуанып отыр, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жәрдем АХМЕТОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА