Атырау, 24 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Гондурас экс-президенті FIFA-да пара алғанын мойындады

2 341 рет қаралды

Фото: azattyq.orgГондурастың экс-президенті, футбол ассоциациясының бұрынғы басшысы болған Рафаэль Каллехас Халықаралық футбол федерациясындағы (FIFA) коррупциялық қылмыстарға қатысы бар екенін мойындады. Каллехас FIFA-ға қатысты тергеуде кінәсін мойындаған 14-адам болып отыр. Ол әлем чемпионатының квалификациялық матчтарын өткізу және ол ойындарды трансляциялау құқығын беру үшін пара алғанын мойындады.

АҚШ билігі FIFA-дағы коррупцияға қатысты 42 адам мен ұйымға айып таққан. Ауқымды коррупциялық қылмысты тергеу FIFA-ның өзі мен басқа да футбол ассоциацияларын қамтып, бұл ұйымдардың қызметін кідірткен. Бұл жанжалдан FIFA президенті Зепп Блаттер мен оның орынбасары Мишель Платини отставкаға кеткен.

Дереккөз: azattyq.org

29 наурыз 2016, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.