Атырау, 20 сәуір 16:22
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Дағдарыстан алып шығу жолдары

6 143 просмотра

Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Шағын және орта бизнесті тұрақсыздық уақытта қолдау» тақырыбында тегін семинар өткізілді.

Сарапшылар кәсіпорынды басқару кезінде құқықтық нормаларды сақтау, салық және кеден мәселелері туралы айтты. «Делойт» компаниясының менеджері Қайыржан АБДРАХМАНОВ бизнес-жоспарды құру және шығындарды оңтайландыру бойынша сарапшылардың кеңестерімен бөлісті. Оның пікірінше, дағдарыс кезінде инновациялық жобаларға ақша салған тиімді.

Ал, «Делойт» компаниясының қызметкерлерінің бірі Рустам МУХАМЕТШИН (суретте) бизнестегі алаяқтық туралы айтты:

- Бүгінде бұл проблемалармен барлық кәсіпорын – шағын бизнестен ірі корпорацияларға дейін бетпе-бет келіп отыр. Және кәсіпорын неғұрлым ірі болса, проблемалар да соғұрлым көлемдірек екенін көріп отырмыз. Көбіне-көп мұны менталитеттен көреміз.

- Алаяқтық оқиғаларына қатысты қандай мысалдар бар?

- Бұл әдетте сатып алумен байланысты. Мекеме тауарды көтерілген бағамен сатып алады. Маржалардың бір бөлігі біреудің қолында қалады. Немесе мердігерлер арасында үлкен бәсекелестік бар, сол себепті іскерлік сыбайлас жемқорлық орын алып, компания тапсырысшы ретінде бір-біріне сай келмейтін тауар мен қызмет түрлеріне ие болады.

Каспий өңіріндегі «Делойт» компаниясының маркетинг және коммуникация департаментінің басшысы Анастасия НЕВЕНЧАННАЯНЫҢ (суретте) айтуынша, пилотты семинар Атырауда Қазақстан өңірлері бойынша бірінші рет өтіп отыр. Келесі семинарды Ақтауда өткізу жоспарланған.

- Біздің негізгі мақсатымыз - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнеске көмектесу. Бұл қайырымдылық жоба. Мұнда бәрі тегін, - дейді А.Невенчанная.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

28 наурыз 2016, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.