Фото: radiovesti.ru
Солтүстік Корея жаңа ірі калибрлі реактивті жүйесін сынақтан өткізді.
Орталық телеарна оны мемлекет басшысы Ким Чен Ынның өзі қадағалаған бейнежазбаны көрсеткен. Ол оқтардың көздеген нысаналарға дәл тигенін мәлімдеді. Әскерилер қондырғыны елдің шығыс жағалауында тексерген. Жақын қашықтыққа арналған 5 снаряд Жапон теңізі жағына атылды. Оңтүстік Корея жаңа қару сынауды кезекті арандатушылық деп қабылдаған.
Дереккөз: 24.kz