Атырау, 26 қараша 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Пәкістандағы жарылыстан 69 адам қаза тапты

2 439 просмотра

Фото: Globallookpress.comПәкістан билігінің мәліметінше, Лахор қаласында паркте жанкештінің шабуылынан кем дегенде 69 адам қаза тапты. Теракт христиандар Пасха діни мейрамын атап өтіп жатқанда болған. Қаза тапқандардың дені - әйелдер мен балалар. Шабуылға жауапкершілікті "Талибанның" пәкістандық қанатымен байланысты "Джамат уль-Ахрар" тобы мойнына алды. Топ шабуылда христиандар нысанаға алынғанын мәлімдеді.

"Джамат уль-Ахрар" тобы бұл терактіні Пенжаб провинциясы мен Лахор қаласын өзінің саяси тірегі санайтын премьер-министр Наваз Шарифке ескерту деп атап, тағы да терактілер жасайтыны туралы доқ көрсетті.

Экстремистер бұған қоса 7 наурызда Пәкістанның солтүстік-шығысында сот ғимаратында болған жарылысты да мойнына алған. Ол жарылыстан 17 адам қаза тапқан еді. Топ ол шабуылды содыр Мумтаз Кадриге өлім жазасын орындағанына кек алу үшін жасағанын айтқан. Мумтаз Кадри өткен айда 2011 жылы провинция губернаторын өлтіргені үшін өлім жазасы орындалған.

Дереккөз: azattyq.org

28 наурыз 2016, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.