Атырау, 29 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басшылары ұсталды

3 920 просмотра

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Салауат ИШАЙ (суретте) мен оның орынбасары Әліпқали ДӘУЛЕТИЯРОВ жүйелі түрде пара алып келген деп айыпталды. Бұл туралы бүгін, 26 наурызда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы С. Ишай, оның орынбасары Ә. Дәулетияров және қарамағындағы қызметкерлері құрған мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан пара алу қылмыстық сызбасының жолын кесті. Олар өз лауазымдық құзіреттерін асыра пайдаланып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқудан өткен қазақстандық және шетелдік азаматтардан куәліктер мен сертификаттарды тез беру және алға қарай қолдау көрсету үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Аталған тұлғалар өздерінің осы сыбайлас жемқорлық сызбаларын 2014 жылдан осы уақытқа дейін жүзеге асырып, әр қайсысының айлық «қылмыстық табысы» оқыған тұлғалардың санына байланысты 300 мыңнан 400 мың теңге аралығында болғаны анықталды»,- деп жазылған таратылған баспасөз бетшесінде.

ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, С. Ишай мен Ә. Дәулетияров тұтқындалып, Атырау қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау орнына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросы

26 наурыз 2016, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.