Атырау, 29 қараша 07:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мәсімовтің құттықтау сөзі мен Тасқынбаев айтқан мәселелер

6 285 просмотра

Image 0

Атыраулық зиялы қауымға өңірдің жаңа басшысын қысқаша ғана таныстыру кезінде сөйлегендердің сөзі қысқа да нұсқа болды. Жоғары шенділердің әрі қарай көрші облысқа осындай шара үшін жолға шығатындығы белгілі болды. Жиналысты ұйымдастырушылардың бірі ахуалды түсіндіргендей: "Әуежайға шығарып салып, содан соң мақтау өлеңін айтамыз". Алайда көпшілігі, баспасөз де тарап кетті. Сонымен біз не естіп үлгердік?

Премьер-министр Кәрім МӘСІМОВ:

– Өздеріңіз білесіздер, әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов депутат болып сайлануына байланысты президенттің жарлығымен лауазымынан босатылды. Кеше ол Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Осыған байланысты, Сізді, Бақтықожа Салахатдинұлы және облыстың барша тұрғындарын құттықтаймын. Ол жұмыс жасаған уақыт ішінде инвестициялар тартты, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашты. Сізге қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айтамын және жаңа жұмысыңызға табыс тілеймін. Облыстық мәслихаттың депутаттары президенттің Ноғаевты Атырау облысының әкімі етіп тағайындау туралы ұсынысын мақұлдады. Сізге де, Нұрлан Асқарұлы, табыстар тілеймін.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

– Құрметті жерлестер, тағдырдың жазуымен, Астанаға қайта кетіп барамын. Сенім білдіргені үшін президентке, "Нұр Отанға" рахмет. Үш жарым жыл сіздермен бірге жұмыс жасадым. Көптеген жұмыстар атқарылды. Партия мен президенттің сенімін ақтауға уәде беремін. Мен сіздермен қоштаспаймын, қайта оралып, кездесіп тұратын боламын.

Image 1Гурьев облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы Есен ТАСҚЫНБАЕВ:

– Ізмұхамбетовке жүн өңдеу өндірісін, құс еті өндірісін, сүт цехтарын, коммуналдық базарды ашқаны үшін, күрделі жөндеу жүргізілген Атырау-Индер жолы үшін алғыс білдіреміз, Сізге табыстар тілеймін. (Содан соң премьер-министрге қарап). Атыраулықтарды негізгі екі проблема алаңдатады, оларға назар аударуыңызды сұраймын. Біріншісі - республикалық маңыздағы Ақтөбе - Атырау - Астрахань жолы. Жыл сайын көліктер саны көбеюде, ал ешкім жол салғысы келмейді. Келесі мәселе - Атырауға осымен екінші жыл қатарынан нөсер жаңбыр жауды. Қала қайтадан батпақта қалды. Кеңес дәуірі кезінде бұл мәселемен ғалымдар айналысты, олар қаланы көшіру керек немесе арна қазу керек деген байламға келген болатын. Дренаж жұмыстары тоқтатылды. Судың кететін жері жоқ. Осы себепті үйлер құлап жатыр.

Премьер осы тілектерді тыңдап, шешімін табуға уәде берді. Осылайша бәрі тарасты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 наурыз 2016, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.