Жағымсыз әрі күлкілі оқиға 12 наурызда кешкісін Авангардтағы 3-ші ықшамауданда орын алған.
Қыз бен жігіт, неге екені белгісіз, жігіт оң қолына, қыз сол қолына қолкісен салып, кейін шығара алмаған.
Оларға полицейлер де көмектесе алмады. Өйткені, егер қолкісендерді соңғы тісіне дейін жауып бұраса, онда ол кілтпен де ашылмайды. Батыс аэромобильді құтқару жасағының диспетчерлік қызметінің басшысы Дархан ҚОСАНОВ хабарлағандай, шақырылған құтқарушылар қолкісенді көпқызметті «Халматер» жабдығымен аралап кесіп алған.
Үйлерінде қалған жастардың білезіктерінде тек көгерген жерлер қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ