Фото: AFPАнкарадағы жарылысты екі лаңкес ұйымдастырған, - деп хабарлайдыРИА Новости жергілікті Hurriyet газетіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жарылысты әйел мен ер адам ұйымдастырған. Әйел адамның аты-жөні анықталды. Сонымен қатар, оның Түркияның батысындағы Балыкесір қаласының университетінде оқығаны және 2013 жылы лаңкестік ұйымға кіргені белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс зат орнатылып, Анкарада жарылған BMW автомобилі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласында айдап әкетілген. Анкараға көлік 26 ақпанда келген.
Ал соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 37 адам қаза болға, ауруханада тағы 71 адам жатыр. ҚР СІМ өкілдері қазіргі уақытта қазақстандықтардың терактіден зардап шеккен-шекпегені жайлы мәлімет келіп түспегенін мәлімдеді.
Айта кетейік, жарылыс кеше, 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердегі автобус аялдамасында болған. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған.
Дереккөз:tengrinews.kz