Атырау, 17 желтоқсан 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Атырауда Қашаған бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

3 177 рет қаралды

Жұма күні, 18 наурызда NCOC N.V. компаниясы қоғамдық тыңдау өткізеді.

Бұл туралы ақпарат Жайық-Каспий Орхусс орталығының сайтында бар: «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы Қашаған кен орнын Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасына толықтырудың Қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) материалдары бойынша қоғамдық тыңдау өткізетінін хабарлайды. Тыңдау 2016 жылдың 18 наурызында сағат 11:00-де мына мекенжайда өтеді: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 15в, «Ренессанс» қонақ үйі. Қатысушыларды тіркеу тыңдау басталардан 30 минут бұрын басталады».

Атырау қаласы, Момышұлы 1а мекенжайында орналасқан Жайық-Каспий Орхус орталығының кеңсесінде, сонымен қатар www.aarhus-atyrau.kz және www.ncoc.kz вэб-сайттары арқылы оқып, таныса аласыздар. Қоғамдық тыңдау материалдары жөнінде пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды aarhus@aarhus-atyrau.kz және ncoc@ncoc.kz электронды пошталарына жолдауыңызға болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА
14 наурыз 2016, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.