Атырау, 26 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Женевада Сирия бейбіт келіссөзі басталады

2 163 просмотра

Фото: azattyq.orgЖеневада бүгін Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздің жаңа кезеңі басталады. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура келіссөздің жаңа кезеңін "мазмұнды бейбіт келіссөз" деп атады.

13 наурызда Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айро мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Дамаск өкілдерінің Сирияның болашақ президентін сайлау мәселесін талқылауға ниеті жоғы туралы мәлімдемесін арандату деп атаған. Айро мен Керри Ресей мен Иранды Башар Асадты қақтығысты тоқтату режимін тек Сирия билігінің мүддесіне қолдануға жол беруге болмайтынына көндіруге шақырған.

Сириядағы бітім 27 ақпанда күшіне енген. Бітім Ресей мен басқа бірнеше елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" мен "Нусра майданы" экстремистік ұйымдарына жүрмейді.

Бірер күн бұрын Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядан тықсырылып шыққан исламшыл содырлар Ливия, Йемен мен Ауғанстанға орнығып жатыр деп мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

14 наурыз 2016, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.