Атырау, 10 ақпан 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Сырт алаңда тең ойын – жаман бастама емес

3 229 рет қаралды

12 наурызда футболдан XXV Қазақстан чемпионаты басталды. Бірінші турда «Атырау» командасы сырт алаңда талдықорғандық «Жетісумен» кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнады.

Ойынның 21-минутында жартылай қорғаушы Ұлан ҚОНЫСБАЕВ дәл соққымен «Атырауды» алға шығарды. Алаң иелері 66-минутта есепті теңестірді, голды Тұрысбек БАУЫРЖАН салды. Бұдан кейін таблодағы есеп өзгермеді.

Естеріңізге салсақ, өткен мусымда «Астана» командасы ел чемпионы болған еді. Ал «Қайсар» (Қызылорда) Премьер-лигадан кеткен еді. Оның орнына 1-лиганың жеңімпазы – Ақжайық (Орал) қатысады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 наурыз 2016, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.