Фото: NEWSru.com.Бүгін Азия сессиясының барысында WTI мұнайы фьючерстерінің құны өсті, деп хабарлайды Investing.com.
Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайының сәуір айындағы фьючерстері барреліне 38,36 долларға саудалануда, материалды жазу кезінде фьючерстер құны 1,37%-ға көтерілген.
Сессия барысында мұнай құны барреліне 38,37 долларға дейін өсіп, ең жоғары межеге жетті.
АҚШ долларының алты негізгі валютадан құралған себетке қатынасын көрсететін USD индексі 0,00%-ға өсіп, 96,19 доллар шамасында саудаланып жатыр.
ICE биржасында саудаланып жатқан Brent «қара алтынының» мамыр айындағы фьючерстері 1,22%-ға өсіп, барреліне 40,54 долларға жетті. Ал Brent пен WTI мұнайының келісімшарттары арасындағы баға айырмашылығы бареліне 2,18 долларды құраған.
Дереккөз: bnews.kz