Атырау, 26 қараша 20:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франция соты Әблязовты кепілге босатпады

1 298 просмотра

Фото: kapital.kzФранция соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты кепілге босату жайлы оның адвокаттарының өтінішін орындамады. Ақпарат агенттіктері дерегінше, Францияда 2013 жылдың шілдесінен бері қамауда отырған Мұхтар Әблязов өзін экстрадициялау жайлы ақтық шешім шыққанша сонда қала береді.

Қазақстандық «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр.

Бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарып, Франция премьер-министрі Мануэль Вальс тиісті жарлыққа 17 қыркүйекте қол қойған. Қазақстан билігі Әблязовті «БТА банктің» алты миллиард доллар ақшасын жымқырды деп айыптайды. Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптардың саяси негізі бар деп санайды.

Әблязовтің отбасы Мәскеу оппозициялық саясаткердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауы және істі әділ қарамауы ықтимал деп, Франция билігін экс-банкирді Ресейге бермеуге шақырады.

Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.

Дереккөз: azattyq.org

11 наурыз 2016, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.