3 наурызда республикалық «Көктем-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.
Біздің өңірімізде оған ТЖ жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ басшылық етеді. Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезіндегі ТЖ зардаптарын жоюға даярлықты арттыру жоспарланған.
3 наурызда таңертең христиандар зиратының маңында облыстық азаматтық қорғаныс күшінің әзірлігін байқау шарасы өтті. Сапқа 20 апаттан құтқару қызметінің 200-дей қызметкері мен 65 бірлік техника жұмылдырылды. Содан кейін облыстық ТЖ жөніндегі штаб мүшелері Атырау қаласының Дамбы, Еркінқала селолық округтеріндегі және Құрманғазы ауданындағы жағалау қорғау бөгеттерінің жағдайымен танысты. Бөгеттердің апатты учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
4 наурызда «Дамбы округін тасқын су басты» аңызы бойынша оқу-жаттығу өтеді. Тұрғындарға хабардар етіліп, үйлерінен қауіпсіз жерге көшіріледі. Эвакуациялық қосындар мен алғашқы жәрдем көрсету ұйымдастырылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ