Атырау, 29 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Балаларды мамандық таңдауға дайындайды

2 386 просмотра

Image 0«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» қоғамдық бірлестігі ТШО-ның қолдауымен ауыл мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларын, соның ішінде балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілерін кәсіптік бейімдеуге бағытталған «Менің кәсіби таңдауым» жобасын жалғастыруға кіріседі.

Өткен жылы жобаға №3, 16, 19, 30 және Геологтағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушылары, Қазыбаев атындағы балалар үйінің және «Шаңырақ» отбасы түріндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері жұмылдырылды. Бұл бірнеше кезеңде өткен еді: психологтар оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға кеңестер берді, кәсіби бейімдеу әдістерімен оқытты, ата-аналармен, Жұмыспен қамту орталығымен жұмыс жүргізіп, кәсіпорындарға экскурсия жасатты. Екі балалар үйінің базасында «Кәсіби сынақ» бағыты жүзеге асырылды: балалар ағаш өңдеуді, түрлі нәрселерді декорлау техникасын, аспаздықты үйренді. Нәтижесінде олар тым болмағанда тұрмысқа қажетті дағдыларды меңгеріп шықты.

- Талдау жұмысы негізінен болашақ мамандықты ата-аналардың өздері таңдайтындығын көрсетті. Бұл тұрғыда баланың бейімділігі де, болашақ мамандыққа сұраныстың бар-жоғы да көбінесе ескерілмей жатады, - деп атап өтті «Менің кәсіби таңдауым» жобасының менеджері Нелли КУЛИКОВСКИХ. – Одан шыққан қорытынды мынадай: әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, жастардың 80 пайызы егер мүмкіндік берілсе, өз мамандықтарын ауыстырар еді.

Биыл «Менің кәсіби таңдауым» жобасына Сәтпаев атындағы (Геолог пос.), Ломоносов атындағы (Балықшы), Құлсары қаласының №1 және 9, Жылыой ауданының Қосшағыл селосының №2 мектептері қатысады. Ол жерде мамандықты таңдау туралы ұсыныстар берілген тестілеу өткізіледі. Мамандар ата-аналармен және қамқоршылармен жұмыс істейді, балаларды өндірістерге ертіп апарады, өз ісінің шеберлерімен кездесулер ұйымдастырады. Сонымен қатар матадан, ағаштан және металдан құрастыру бойынша үш курс өткізіледі.

Жоба таныстырылымында «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ЖҚБ төрағасы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ өңірімізге қажетті мамандықтар рейтингісі көрсетілген http://atyrauprof.kz сайты жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.