Атырау, 3 мамыр 03:26
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Кәсіпкер әйелдер туралы кітап

2 400 просмотра

Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің І форумы аясында өңіріміздің бизнес ханымдары туралы кітаптың таныстырылымы өтті.

Бұл - облыс орталығы мен бүкіл аудандардағы танымал, табысты 75 әйелдің өз жолдары туралы әңгімелері. Әр түрлі жастағы, қызмет түрлері де әр алуан әйелдерді өз өмірлерін бақытты қылып, отанымызды гүлдендіруді мақсат еткен ортақ тілектері біріктіреді, - деді кітап таныстырылымында Атырау облыстық Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА.

Бұдан басқа, кітапқа әйелдер бизнесінің мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйым - Атырау облысының Іскер әйелдер кеңесі туралы ақпарат енгізілген. Қиындықтар туындаса, бизнес ханымдарға осыған жүгінуге болады.

Басылым үш бөлімнен тұрады. Біріншісіне өз еңбек жолдарын 90-шы жылдары бастап, бүгінде ірі кәсіпкерлерге айналған әйелдер туралы мәліметтер енген. Содан кейін орта буын, кейіннен – жас екендіктеріне қарамастан әжептәуір нәижелерге қол жеткізген жас бизнес ханымдар туралы мәліметтер енгізілген. Жоба авторларының пікірінше, мұндай ақпараттар тауарларды жылжыту мен серіктестік байланыстарды кеңейтуге себеп болуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.