Атырау, 29 қараша 08:33
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бизнесте бағы жанған әйелдер

2 398 просмотра

Image 0Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің «Әйел. Қоғам. Бизнес» І форумының жұмысына 200-дей кәсіпкер әйел қатысты.

Форум жұмысы жергілікті 12 бизнес ханым өз өнімдерін ұсынған көрмелерден басталды. Бүгінде біздің әйелдер қолдан бұйымдар жасап, киім-кешектер тігеді, тағамдар пісіріп, тіпті, түрлі түсті қиыршық тастар шығарады.

Бүгінгі күні Атырау облысында бүкіл шағын бизнес субъектілерінің 46%-ы әйелдерге тиесілі. Өткен жылы несиенің пайыздық мөлшер-лемесін субсидиялау шеңберінде мақұлданған 4,4 млрд теңге мөлшеріндегі 70 жобаның 31-ін нәзік жандылар ұсынған. 163 әйел шаруа қожалығына басшылық етеді. Осындай әсерлі мәліметтерді өзінің құттықтау сөзінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА мәлімдеді. Форумға қатысушылар қазір өңірде таза ерлердің жұмысы деп есептеліп қалған бизнестің түрлерімен көбінесе әйелдердің айналысып жатқанын атап өтті. Мәселен, құрылыс және құрылыс индустриясы, күзет бизнесі және т.б.

Атырау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА Кеңес құрамына тікелей 18 бизнес ханым енгенін хабарлады. Форум барысында бүкіл бизнеске ортақ проблемалар: монополистермен қарым-қатынас, жер телімдерін алу кезіндегі қиындықтар, несиелер алудағы кепіл мүлігінің жоқтығы және т.б. талқыланды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.