Атырау, 29 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Айырбастау қосындарындағы жаңа ережелер

2 880 просмотра

Image 022 наурызда айырбастау қосындарының жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді.

Айырбастау қосындары банктік айырбастау қосындары секілді кассаларды ұлттық немесе шетелдік валютамен толықтыру үшін банктермен келісімшарттар жасауға міндетті. Яғни, айырбастау қосынының кассасында шетелдік валюта немесе теңге бітсе, олар кассаны толықтыру үшін келісімшарт жасасқан банкке жүгінуі тиіс. Мұндай келісімшарт бірнеше банктермен қатар жасалуы мүмкін. Қазір айырбастау қосындары валюта мен теңгені келісімшарттарсыз сатып алады.

Ұлттық банктің қаулысы ең алдымен айырбастау операцияларының ашықтығын арттыруға және айырбастау қосындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған, - дейді «ҚР Ұлттық банкі» РММ Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Арсен КУБЕКОВ.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағамдарды белгілеу туралы өкімді шығару уақытын Қазақстан қор биржасының жұмыс уақытына байланыстыру туралы норманың қолданылуы тоқтатылды. Бүгінгі күні сенбі мен жексенбіде банктер валютаны жұма күні кешкісін белгіленген бағам бойынша сатады. 22 наурыздан бастап айырбастау қосындарына демалыс және мереке күндері валюта нарығындағы өзгерістерге сәйкес айырбастау бағамын белгілеу мүмкіндігі берілді. Бұл айырбастау қосындарының жұмысында туындайтын іркілістерді жою үшін жасалды. Бұдан басқа, жеке тұлғаға айырбастау қосыны арқылы 1 млн теңгеден астам соманы айырбастау үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет болады (қазір құжаттар 2 млн теңгеден астам сомада операциялар жүргізген кезде ұсынылады).

Бұл – ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет, - дейді Кубеков.

Ал, егер айырбастау қосынында клиентке валюта болмауына байланысты айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылса, онда кассир оның талабы бойынша айырбастау қосынында жоқ болған валютаның түрі мен сомасын, сондай-ақ, күні мен уақытын көрсете отырып, анықтама беруге тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.