Атырау, 6 желтоқсан 17:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға босқындар командасы қатысады

2 066 рет қаралды

Фото: vk.comАСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті.

«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетер жайт, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.

Дереккөз:inform.kz

3 наурыз 2016, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.