Атырау, 20 сәуір 00:13
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Донбаста қауіпсіздік келісімдері жасалды

1 720 просмотра

Фото: azattyq.orgМинскіде Украина шығысындағы қақтығысты реттеу жөніндегі үш жақты байланыс тобының отырысы өтіп, Донбастағы қауіпсіздік жөнінде екі келісім жасалды. Жиынға үш жақты байланыс тобындағы Украина өкілі Леонид Кучма, Ресей өкілі Борис Грызлов және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілі Мартин Сайдик қатысты.

Мартин Сайдиктің сөзінше, жиын қорытындысында Донбастағы минадан әлі залалсыздандырылмаған аймақтарды анықтау және екі жақ шептері қиылысатын шекарадан 15 километр қашықтықта әскери жаттығу өткізбеу туралы екі келісім жасалған.

Алғашқы келісім бойынша минадан тазалануы тиіс аймақтардың картасын жасап, қоршау және арнайы белгілер орнату қарастырылған.

Екінші келісім бойынша, 4 наурыздан бастап қарсы тараптардың шептері қиылысатын шекараға жақын аймақтарда барлық калибрдегі қару-жарақты қолданып әскери жаттығу өткізуге тыйым салынды.

Сайдиктің пікірінше, әскери жаттығуға тыйым салу қақтығыс шебі аймағындағы атысты мүлдем тоқтатып, шиеленісті бәсеңсітуге ықпал етеді.

3 наурызда Парижде "Норманд төрттігі" деп аталатын елдердің (Украина, Ресей, Германия және Франция) сыртқы істер министрлері кездеседі.

Дереккөз: azattyq.org

3 наурыз 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.