Атырау, 26 қараша 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Прокурор Савченконы 23 жылға соттауды сұрады

1 133 просмотра

Фото: РИА НовостиРесейдің Донецк қаласында өтіп жатқан сотта прокуратура украиналық ұшқыш Надежда Савченконы 23 жылға соттап, жүз мың рубль көлемінде айыппұл салуды сұрады.

Сотта сөйлеген прокурор әуелде Савченконы ВГТРК телеарнасы журналистері Антон Волошин мен Игорь Корнелюктің өліміне айыпты деп тауып, 18 жылға соттауды және журналист Виктор Денисовке қастандық жасауға оқталды деп айыптап, 13 жыл түрмеге жабуды сұрады. Бұдан соң ол екі айып жазасын қосып, түпкілікті 23 жылға соттауды және жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу үкімін шығаруды сұрады.

Айыптаушы жақ Савченкоға тағылған украин бейбіт тұрғындарына қастандық жасауға оқталды деген айыпты алып тастады. Прокурордың ұйғарымынша, бұл айып жәбірленушілер Украина азаматтары болғандықтан алынған.

Украиналық әскери қызметшінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі өткен жылғы қыркүйектің соңында басталған. Ресей билігі Савченкоға 2014 жылдың жазында Украинаның шығысында қаза тапқан ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен» деген айыптар таққан. Тергеу мәліметі бойынша, журналистер қаза тапқан күні Савченко Луганск түбінде украиналық әскерилерге қай тұсқа оқ ату керегін айтып, бағыт-бағдар беріп отырған.

Савченко журналистер қаза тапқан кезде ресейшіл сепаратистердің тұтқынында болғанын, кейін олар өзін ықтиярынан тыс Ресей аумағына алып өткенін айтып, айыптарды мойындамайды.

Дереккөз: azattyq.org

3 наурыз 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.