Жеңіл атлетика
23 ақпанда Астраханда Отан қорғаушылар күніне арналған 46-шы Бүкілресейлік Началов жеңілатлетикалық жарысы өтті.
300 жеңіл атлет қатысқан жарыс 3, 5, 8,
***
Хоккей
23-24 ақпанда атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы турнирлік кестенің көшін бастап тұрған көкшетаулық «Арлан» командасымен екі көшпелі матч өткізді.
Алғашқы ойында жеңісті алаң иелері еншіледі. Есеп – 4:1. Екінші ойында «Бейбарыс» 7:2 есебімен есесін қайтарды.
«Арлан» 132 ұпаймен бұрынғыша кестенің жоғарғы сатысында, ал, «Бейбарыс» 107 ұпаймен екінші орында тұр.
***
ММА
Көкшетауда «Дарын» спорт академиясының ашылуына орай ММА (аралас жекпе-жек) бойынша мықтылар турнирі болып өтті.
Ақтық кездесулердің бірінде 2015 жылы панкратион бойынша өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атыраулық спортшы Әбілхайыр Дүйсәліпов пен қолма-қол ұрыс бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері алматылық Ұлан Мұқашев бақ сынасты. Жекпе-жек ұзаққа созыла қоймады - Әбілхайыр қолынан ауырту тәсілін қолданып, қарсыласына берілуден басқа амал қалдырмады.
***
Ережесіз жекпе-жек
Алматыдағы «Алаш-Прайд» спорт клубында кәсіби шеберлердің кезекті ережесіз жекпе-жегі өтті.
Жекпе-жектердің бірінде атыраулық спортшы Данияр Дәулетханов Қырғызстаннан келген қарсыласын алаңға шыққан сәтте - бар-жоғы 16 секунд ішінде нокаутпен құлатты. Спортшыны Ерболат Сатыбалдиев жаттықтырады.
***
Қолма-қол ұрыс
Астраханда қолма-қол ұрыс бойынша 8-ден 17-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Турнирде Атыраудың намысын «Қаштенбай» (Дамбы пос.) клубының тәрбиеленушілері қорғады. «Алтынға» Нұрхан Еріков (12-13 жас) және Әли Ғибатуллин (14-15 жас) ие болса, «қоланы» Мұрат Әліби (8-9 жас), Ерлан Қабдулов және Эльдар Хамит (16-17 жас) жеңіп алды. Балаларды жаттықтырушы Мерей Қаштенбай дайындады.
***
Джиу-джитсу
Актөбеде джиу-джитсудан жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионаты өткізілді.
77 келіге дейінгі салмақта алтын медальды атыраулық спортшы Қуандық Жамбырбаев жеңіп алды және ол Испанияда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Ал, Жалғас Жанұзақ (66 келіге дейін), Ернар Қожахметов және Ақниет Ғабит (69 келіге дейін) қола жүлдегерлер атанды. Балаларды ағайынды Ерболат пен Қазболат Сатыбалдиевтер және Ерман Майлашев жаттықтырады.
***
Футбол
«Атырау» ФК 26 жастағы жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаевпен (суретте - ортада) келісімшартқа отырды.
Ұлан – жамбылдық футбол клубының тәрбиеленушісі. 2008 жылы ол «Таразбен» келісімшартқа отырып, соңғы үш маусымда алаңға шығып тұрды. Одан кейін Қарағандының «Шахтерінде», «Астана» және «Қайрат» командаларының құрамында ойнады. Ұлан Қонысбаев - Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Еліміздің бас командасы үшін ол 29 матчта ойнап, 3 гол соқты.
***
«Атырау» ФК 28 жастағы польшалық шабуылшы Пшемыслав ТРЫТКОМЕН келісімшартқа отырды.
Ол польшалық Gwarek Zabre командасының тәрбиеленушісі. 18 жасында немістің Enerqie Cottbus клубына келген. Германияда екі маусым ойнап, Польшаның Arka чемпионатының бірінші лига командасына жалға келіп, кейін польшалық Jagiellonia Bialystok және Polonia Bytom клубтарында болды. 2012 жылдың маусымында Трытко немістің Carl Zeiss Jena клубында ойнады, ал 2013 жылдың жазында Польшаның Korona Kielce командасына ауысты. Бұл команда құрамында ол биылғы жылдың ақпан айына дейін болды, ол өзінің қатысқан 65 матчында қақпаға 15 гол (+ төрт нәтижелі пас берді) салды.
Суретті «Атырау» ФК ұсынды
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ