Атырау, 17 желтоқсан 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Аудан жаңалықтары

2 809 рет қаралды

ИСАТАЙ АУДАНЫ

Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қадыржан ЕРМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, ауданда мал төлдеу маусымы қызып тұр.

Бүгінде 1 100 бұзау, 1 358 қозы, 805 құлын, 219 бота төлдеген. Әсіресе, «Рысбай», «Техсервис», «Мажанов» шаруа қожалықтарында мал басының көбеюі байқалады. Аудандағы мал дәрігерлерінің болжамынша, әлі төрт мыңға жуық қой-ешкі, 2 200 ірі қара, екі мыңнан астам жылқы, 700 түйе төлдеуі тиіс екен.

Мал төлдеу маусымы мамырдың аяғына дейін жалғасады.

***

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

Құлсары қаласында тұрғын үй құрылысы қаланың бас жоспары жасалғаннан кейін жалғасатын болды.

Инфрақұрылым жүргізуді бастау үшін бюджеттен 2 млрд теңге қаржы бөлінеді. Болашақ мөлтек ауданы мен Құлсарыға кіреберіс жолдың жанынан тұрғын үй салу үшін электр желісі мен су құбырын жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжат дайын.

Мамандардың болжауынша, қалада 3 000-ға жуық адамға арналған баспана тұрғызуға мүмкіндік бар.

***

ИНДЕР АУДАНЫ

Алғыс айту күніне орай Индер аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен он шақты такси мен «Игілік» наубайханасы адамдарға тегін қызмет көрсетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.