Атырау, 26 қараша 20:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ауғанстанда Үндістан консулдығына шабуыл жасалды

1 219 просмотра

Фото: azattyq.orgAуғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында бүгін полиция мен қауіпсіздік қызметі жасақтары содырлардың Үндістан консулдығына жасалған шабуылына тойтарыс берді. Шабуыл жасаған төрт содырдың да көзі жойылды. Содырлар консулдық ғимаратына кіріп үлгере алмады.

Жарылыс пен атыс салдарынан алты адам жараланды. Консулдық ғимаратының терезелері мен есіктері қирады. Консулдық жанында тұрған сегіз көлік өртенді.

Reuters агенттігінің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, әуелде консулдық маңында жанкешті мина жасырылған көлікті жарып жіберіп, кейін атыс басталған.

Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. ИМ соңғы кезде Пәкістанның Нангархар провинциясында белсенді әрекет ете бастаған.

Қаңтар айында Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы Үндістан консулдығына да шабуыл жасалған.

Дереккөз: azattyq.org

2 наурыз 2016, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.