Атырау, 26 қараша 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайды

1 552 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың аэроғарыш агенттігі дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ нұсқасын әзірлеуге 20 млн доллар қаржы бөлді. Оған дыбыс кедергісінен өтер шақта қатты тарсыл шықпауы керек деген талап қойылды. Ұшақтың жаңа нұсқасын Lockheed Martin компаниясы әзірлейді, жоба 17 айда дайын болады деп күтілуде.

Жоба бойынша жасалатын ұшақ дыбыс кедергісінен өткенде қатты тарсыл шықпауы тиіс. NASA осы дыбыс эффектісінің жолаушыларға қатты естілмеуіне мән беруде. Егер жоба сәтті іске асырылса әуе жолаушы тасымалының жаңа дәуірі басталмақ.

Америка ғарыш агенттігінің бағдарламасы бойынша осындай жылдам әрі дыбыссыз ұшақ 2020 жылы дайын болады, деп жазады popsci.com сайты.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта жолаушы ұшақтарының дыбыстан жылдам ұшуына бірқатар елдің әуе кеңістігінде тыйым салынған, оның ішінде АҚШ-та бар.

Дереккөз: inform.kz

2 наурыз 2016, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.