Атырау, 29 қараша 09:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бас алаңға «Трэколмен» шықты

1 503 просмотра

1 наурызда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінде ТЖ департаменті Исатай мен Махамбет алаңында шұғыл әрекет ету техникасының көрмесін ұйымдастырды.

Мәселен, Батыс аэромобильді жедел-құтқару жасағы қонақтарға жүріп өту мүмкіндігі жоғары «Трэкол» жол талғамайтын машинасын (далада қар құрсауында қалған көп адам осы көлікпен құтқарылды), «Холматро» апаттан құтқару құралын және басқа да көптеген саймандарды көрсетті.

Балалар керемет техникаларды қызықтап, ішіне кіріп көрді. ТЖД меншігіне өткен жылы берілген 50 метрлік өрт сөндіру үшін қолданылатын автобаспалдақ көпшілікті таңғалдырды. Кейбір адамдарға, соның ішінде маған да люлькамен ең жоғарғы жағына көтерілудің сәті түсті.

Екіұдай сезімде болдым. Қала алақандағыдай көрінеді, тынысың да тарылып, қорқынышты болады екен.

Ал біздің құтқарушыларға осындай биіктікте тек люлькамен көтеріліп қана қоймай, баспалдақпен өрмелеп шығуға тура келеді. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру керек болады, ал адам есеңгіреген күйде, жұлқынып, теуіп қалуы мүмкін. Бәрі де болуы мүмкін ғой, бастысы – сабырлылық сақтау керек, - деді өрт сөндіру қызметінің өкілі менің қорқынышымды көріп.

Мереке қонақтары Апаттар медицинасы орталығының жұмысымен де танысты. Бұл жерде «Қызыл жартыай» қоғамының өкілдері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-кластар өткізді. Бағдарламаның соңында кәсіби мамандардың «Өрт сөндіру үшін жауынгерлік іс-қимылдарын» тамашаладық.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор
2 наурыз 2016, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.