2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда заңдастыру науқаны басталғалы Атырау облысында 2016 жылдың 1 наурызындағы ахуалға сәйкес, 1 206 өтінім бойынша жалпы құны 9,8 млрд теңге болатын мүлік заңдастырылған.
Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, жақында осы уақыт ішінде алғаш рет біздің өңірде «5,2 млрд теңге сомада ақшалай қаржы заңдастырылды». Департаменттегілер бұл бір немесе бірнеше өтінімге қатысты-қатысты еместігін нақтыламады.
Сонымен қатар, осы мерзім ішінде сегіз өтінім бойынша жалпы құны 74 млн теңгенің шетелдік мүлкі заңдастырылған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА