Фото: azattyq.orgУкраина елдің шығысында үш үкімет сарбазы қаза тауып, бесеуі жараланды.
Луганск облысындағы армия ресми өкілінің хабарлауынша, 1 наурызда әскерилер мінген көлік Новотошкивски және Хорн елді мекендері арасындағы жолда минаға түсіп қалған. Салдарынан үш сарбаз қаза тауып, екеуі жараланған.
Киевтегі әскерилер өкілі соңғы бір тәулікте сепаратистер бақылауындағы Луганск және Донецк облыстарын Украинаның басқа облыстарынан бөліп тұратын шепке жақын аймақта атыстан үш сарбаз жараланғанын хабарлады. Олардың екеуі үкімет әскері бақылауындағы Красногорьевка және Марьинка қалаларындағы атыста, біреуі Каменка елді мекені маңында минаға түсіп қалып жараланған.
2014 жылдың сәуірінде басталған үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстан 9 мың 100-ден астам адам қаза тапты.
Дереккөз: azattyq.org