Атырау, 26 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ОПЕК мұнай өндірісін қысқартты

2 724 просмотра

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – ОПЕК елдерінде ақпан айында мұнай өндірісі тәулігіне 280 мың баррель деңгейіне төмендеп, тәулігіне барлығы 32,37 млн баррель болды, деп жазады РБК.

«ОПЕК елдерінде ақпан айында мұнай өндірісі қаңтардағы рекордтық деңгейден де төмендеті, деп хабарлады Reuters, жеткізулер мен салалық ақпарат көздерінен алынған өз бағалауына сілтемелеп. Төмендеу алдыңғы аймен салыстырғанда тәулігіне 280 мың баррель болды», - делінген хабарда.

Хабарда ең көбі Ирак мұнайының азайғаны айтылады, Сауд Арабиясы мұнай өндірісін бұрынғы деңгейінде сақтады, ал Иран экспортын арттырды.

«Сауд Арабиясы мұнайды бұрынғы қарқынмен өндіруді жалғастырды. Ол мұнай өндірісін қаңтар айындағы деңгейде сақтау туралы 16 ақпанда Ресеймен, Катармен және Венесуеламен жасалған келісімшартты сақтамақ ниетін айғақтайды. Reuters дереккөзінің айтуынша, Сауд Арабиясының мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 10,2 млн баррель мөлшерінде сақталды», - делінген хабарда.

Мұнай өндірісінің ең құлдырауы Иракқа келді, онда 17 ақпанда қуаты тәулігіне 600 мың баррель болатын мұнай құбырымен мұнай тасымалдау тоқтатылды. Ол құбыр наурыз айының ортасында іске қосылар деп күтілуде.

Иран ақпан айында мұнай өндірісін былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда тәулігіне 200 мың баррельге арттырды. Ислам республикасының билігі экспортты тәулігіне 500 мың баррельге арттырғанын айтып отыр.

Reuters бағалауы бойынша, мұнай төгіліліп, апат орын алуы себепті Нигерияда да мұнай өндіру көлемі төмендеді, ал БАӘ-де бірқатар мұнай кеніштерінің техникалық қызмет көрсету қажеттігінен жабылуы себепті мұнай өндірісі азайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 наурыз 2016, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.